Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ешкім ауылда жұмыс істегісі келмейді": Жамбылда 60-қа жуық мектептің директоры жоқ

Жарияланған күні:

мектеп
Мектеп. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Жамбыл облысында жалпы 498 мектеп болса, оның 59-ында директор жоқ. Облыс бойынша ағарту ошақтарының алды бір жыл, соңғылары алты айдан бері жетекшіге мұқтаж, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жамбылдағы орта білім ұялары басшысыз отыр. Сала мамандары мұны директорларды тестілеуден өткізетін мекеме жұмысының тоқтауымен түсіндірді. Тағы бір себеп - ауыл мектептеріне басшы болып барғысы келетіндер жоқ екен.

Мұхит Нысанбаев
Мұхит Нысанбаев. Фото: KAZ.NUR.KZ

"Бүгінде директорлық қызметке қызығушылық жоғары емес. Өйткені ешкім ауылды аймақтарда жұмыс істегісі келмейді. Мысалы, Мойынқұм, Сарысу, Байзақ, Жуалы аудандарындағы шалғай ауылдарда бос орындар өте көп. Алдағы уақытта конкурс жұмыстарын ұйымдастырып, мектептерді басшымен қамтуды жоспарлап отырмыз. Алайда бүгінгі таңда бізде конкурсқа қатысуға ниет білдіретін үміткерлерге арналған Оқу-ағарту министрлігі тарапынан ұйымдастырылатын біліктілік тесті уақытша тоқтап тұр. Конкурс ұйымдастырылуы үшін, ең алдымен, тест тапсыруы керек. Ал тест тапсыратын мекеменің жұмысы қашан жанданатыны белгісіз. Әрине, әрбір мектепте басшы болуы керек. Сол кезде онда тәртіп орнайды. Бірақ Жамбылдағы мектептерді директорсыз деп айта алмаймыз. Өйткені онда директордың міндетін уақытша атқаратын басшылар отыр", - дейді облыстық білім басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Мұхит Нысанбаев.

Айта кетейік, облыста тек мектептер ғана емес, білім басқармасы да бір жарым айдан бері басшысыз отыр.

Авторы: Дана Мұхарбек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2059840-eskim-auylda-zumys-istegisi-kelmeidi-zambylda-60-qa-zuyq-mekteptin-direktory-zoq/