Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үй жермен жексен болды": Алматыда қираған үйдің көршісі көшкін болған түн туралы айтып берді

Жарияланған күні:

Сергей Тимофеев
Сергей Тимофеев. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда лай көшкіні салдарынан қираған үйдің астынан іздестіріліп жатқан отбасының досы оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сергей Тимофеевтің айтуынша, қиранды астында қалған отбасы үйді шамамен 7-8 жыл бұрын сатып алған. Үй иесінің әкесі жақын жерде тұрады. Ер адам болған оқиғаны содан білген.

"Ол жерде үлкен лай массасы болды. Өте үлкен. Үй жермен жексен болған, мүлдем көрінбейді. Балалар өте кішкентай, егіз. Бір ұлды алып шыққанын көрдім.

Өте жақсы отбасы еді, қашанда бірінші болып көмекке келетін... бұл отбасы туралы ешкім жаман сөз айтпайды", - дейді Сергей Тимофеев.

"Отбасының үш ұлы бар", - дейді Сергей. Олардың бірі Мәскеуде тұрады екен.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнде Медеу ауданында сел жүріп, екі үй қираған. Оқиға орнына құтқарушылар мен төтенше жағдайлар қызметінің басшылығы келді.

Кейін төтенше жағдайлар министрлігі алдын ала мәлімет бойынша, оқиға кезінде үйлерде төрт адам болғанын, оның екеуі бала екенін айтты. Оларды құтқарушылар іздестіріп жатыр. Сондай-ақ төтенше жағдайға байланысты Досаевтың бүгінге жоспарланған халықпен кездесуін кейінге шегергені белгілі болды.

Сондай-ақ төтенше жағдай орнынан мәйіт табылды деген болжам айтылды. Кейін бұл ақпаратты төтенше жағдайлар департаменті де растады.

Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің сайтында хабарланғандай, лай тасқын – гравитация әсерінен еңіспен төмен қарай ығысқан, жаңбыр немесе жер асты суларымен қанығып, балшық тәрізді күйге енген, тереңдігі бір метрге дейінгі жұқа топырақ қабатының жолағы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2059864-ui-zermen-zeksen-boldy-almatyda-qiragan-uidin-korsisi-koskin-bolgan-tun-turaly-aityp-berdi/