Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жалдамалы пәтерден өлі табылған екі баланың анасы Шымкентте ұсталды

Опубликовано:

Қолына кісен салынған әйел
Қолына кісен салынған әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Түркістанда жалдамалы пәтерде екі баласын өлтірді деген күдікті әйел Шымкент қаласында ұсталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық ПД басшысы Мұрат Қабденовтің Facebook-тені парақшасына сілтеме жасап хабарлады.

Облыстық ПД бастығы Мұрат Қабденовтың сөзінше, әйелді іздеуге облыстық полиция департаментінің барлық жеке құрамы, көршілес аймақтар мен мегаполистер бағытталды. Барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілді.

"Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктіні Шымкент қаласындағы қонақ үйлердің бірінде ұстады.

Адам өлтіру фактісі бойынша барлық мән-жайларды анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдікті әйел қамауға алынды", - деп жазды ПД бастығы.

Айта кетейік, Түркістанда жалдамалы пәтерден екі бала өлі табылғанын, анасы мекенжайды құрбысына айтып, қашып кеткенін хабарлаған едік.

Кейін бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева жалдамалы пәтерде өлі табылған екі баланың оқиғасына қатысты тың деректер жариялаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2059872-zaldamaly-paterden-oli-tabylgan-eki-balanyn-anasy-symkentte-ustaldy/

pixel