Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана әуежайында қолайсыз ауа райына байланысты 15 рейс тоқтатылды

Опубликовано:

Әуежай
Әуежай. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Астана әуежайында қолайсыз ауа райына байланысты 15 рейс тоқтатылды. Бұл туралы Астана әуежайының Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Әуежай өкілдерінің айтуынша, әуеайлақта 19 м/с жылдамдықпен және екпіні 23 м/с дейін қатты жел соғып тұр.

"Мұндай ауа райы ұшақтардың ұшуы мен қонуы кезінде қиындықтар туғызуы мүмкін, сондықтан әуекомпаниялар жолаушылар мен экипаждардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін рейстерді тоқтату немесе кешіктіру туралы шешімдер қабылдайды", - делінген хабарда.

Бүгін елорда әуежайында 72 рейс жоспарланған. Оның ішінде ұшуға 7 рейс, ұшып келуге 8 рейс тоқтатылды. Сонымен қатар ұшуға 6 рейс, ал ұшып келуге 12 рейс кешіктірілген.

"Жолаушылар өз рейстері туралы ақпаратты алу үшін тиісті әуекомпаниялармен байланысуы керек. Әуеайлақты қалың қардан тазалау жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр. Қазір бұл жұмыстарға 23 арнайы техника жұмылдырылған", - делінген әуежай баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Рейстер туралы ақпаратты Астана халықаралық әуежайының ресми сайтынан nn-airport.kz қарауға болады. Сондай-ақ елорда әуежайында тәулік бойы байланыс орталығы жұмыс істейді: 8(7172)702-999.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2059938-astana-auezaiynda-qolaisyz-aua-raiyna-bailanysty-15-reis-toqtatyldy/

pixel