Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстандық банктердің бірі 50 мың теңгеден таратып жатыр": желіде тағы бір жалған хабарлама тарады

Жарияланған күні:

Теңге
Теңге. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Telegram-дағы арналардың бірінде Halyk Bank-тен 50 мың теңге берілетіні жөнінде хабарлама жарияланды. Банк өкілдері бұл хабарламаларды алаяқтар таратып жатқанын мәлімдеді, деп жазады StopFake.kz.

Мақала авторларының жазуынша, Telegram-да тараған ақпаратқа сәйкес, пайдаланушыға Halyk Bank-тен 50 мың теңгеден төлем жасалады. Акция бірнеше аптаға жалғасады және қолма-қол ақшаны алу үшін сілтемеге кіру керек.

Алайда Halyk Bank-тің ресми сайтында төлемдер туралы ақпарат жоқ. Банктің Instagram-дағы және Facebook-тегі ресми парақшаларында да тиісті ақпарат жарияланбаған.

"Бұл алаяқтардың ісі. Сақ болып, карта деректерін, СМС-кодтарды және басқа да құпия ақпаратты айтпаңыз. Алаяқтар өздерін әртүрлі банктердің өкілі ретінде таныстырады", - деп хабарлады банктің клиенттерді қолдау қызметінің мамандары.

Сондай -ақ жарнамада ұсынылған сілтеме белгісіз сайтқа апаратыны айтылған.

"Бұл – фишингтік сілтеме. Осылайша, алаяқтар пайдаланушылардың құпия ақпаратына қол жеткізеді. Олар жеке аккаунттардың, мобильді банкингтің логиндері мен парольдерін және т.б. біліп алады", - дейді фактчекерлер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2059940-qazaqstandyq-bankterdin-biri-50-myn-tengeden-taratyp-zatyr-zelide-tagy-bir-zalgan-xabarlama-tarady/