Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Антикор өкілі Шымкентте шенеуніктің әкім жиналысы үстінде ұсталуына қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Шенеунікті ұстау сәтінен көрініс
Шенеунікті ұстау сәтінен көрініс. Фото: instagram.com/gabit_syzdykbekov

Бүгін мәжіліс кулуарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов Антикор қызметкерлері не себепті шенеунікті Шымкент әкімдігінде әкімнің қатысуымен өтіп жатқан жиналыс үстінде ұстап әкеткенін түсіндірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері Саян Ахметжановтан "Антикоррупциялық әрекеттер спектакльге айналып бара жатқан жоқ па?" деп сұрап, одан Шымкенттегі жағдайды түсіндіріп беруін өтінді.

"Біз жағдайды қарап шықтық, бұған қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет барлық жерде ашық әрекет ететінін және қызмет органдарына түскен кез келген шақырулар келісілгенін айттық. Ал аумақтық органның жергілікті атқарушы органның басшылығымен – әкіммен бірлескен шешіміне келер болсақ, бұл облыс әкімінің бастамасы болса керек", - деп түсіндірді Саян Ахметжанов.

Сондай-ақ журналистер ведомство өкілінен елдің көзінше ұстап әкету шарасы қандай жағдайда жүргізілуі мүмкін екенін сұрады.

"Бұл жағдайлар қылмыстық іс жүргізу заңнамаларында ескертілген, шұғыл жағдайда және уәкiлеттi соттың немесе уәкiлеттi қадағалау органының санкциясы қажет болған жағдайда жүргізіледі", - деді ол.

Айта кетейік, 2024 жылғы 6 ақпанда Шымкентте әкімнің жиналысы кезінде тұрғын үй басқармасының басшысы ұсталды. Ұстау сәті түсірілген видеоны қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Instagram-да жариялады.

Видеороликтен әкім жемқор шенеуніктер де, адал шенеуніктер де жұмыс істейтінін айтқанын көруге болады. Сосын жиналыс барысында кабинетке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері келіп, Азат Момыновқа тергеу шараларын жүргізу үшін келіп тұрғанын айтады. Момынов антикоррупциялық қызмет өкілдерімен бірге залдан шығып кетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2059953-antikor-symkentte-seneuniktin-akim-zinalysy-ustinde-ustaluyna-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel