Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ІІМ: Қазақстанның екі қаласында Жұмагелдиевтің қылмыстық тобының екі мүшесі ұсталды

Опубликовано:

Кісен салу
Кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ішкі істер министрлігі Арман Жұмагелдиевтің ұйымдасқан қылмыстық тобының екі мүшесін ұстады. Олардың бірі Қаңтар оқиғасы кезінде адам өлтірді деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомство ақпаратынша, 7 ақпанда Алматы және Шымкент қалаларының аумағында ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес қызметкерлері ұзақ уақыт бойы қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып жүрген қаңтар оқиғасының екі қатысушысын ұстады.

Полиция олардың қамауда отырған Арман Жұмагелдиетің ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшесі екенін айтты.

"Ұсталғандардың бірі Самат Әмірбаев 2022 жылы Шымкентте кісі өлтіруге және сол қаланың басқа тұрғынына қатысты өзінше билік етуге қатысы бар деп күдіктелуде. Ол Түркістан облысының аумағында ұсталды. Оның кісі өлтіру фактісі бойынша сыбайластарының бірі 16 жылға сотталып, қазіргі уақытта бас бостандығынан айыру орнында жазасын өтеп жатыр.

Ұйымдасқан қылмыстық топтың екінші мүшесі Алматы әуежайында шекаралас елдің аумағынан келгеннен кейін ұсталды. Онда ол Қазақстанның құқық қорғау органдарынан жасырынған. Ұсталған адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2059956-iim-qazaqstannyn-eki-qalasynda-zumageldievtin-qylmystyq-tobynyn-eki-musesi-ustaldy/

pixel