Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында ветеринариялық бақылау инспекциясының басшысы пара алды деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Парақорлық
Парақорлық. Көрнекі сурет: freepik.com/wirestock

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыс прокуратурасының үйлестіруімен "АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясы" ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Антикордың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, аумақтық инспекция басшысы пара алды деген күдікке ілінген.

"Ол тауарларды Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы шекараларының шектескен учаскесінде Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде олардың заңды қызметін жедел және кедергісіз жүзеге асырғаны үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан 2 100 000 теңге сомасында пара алды деп күдіктенеді", - делінген хабарламада..

Ведомство өкілдері тергеу жүріп жатқанын атап өтті.

"Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - делінген жазбада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060057-atyrau-oblysynda-veterinariyalyq-baqylau-inspekciyasynyn-bassysy-para-aldy-degen-kudikke-ilindi/

pixel