jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Досаев 2024 жылы Көктөбеде қандай өзгерістер болатынын айтты

Алматы
Алматы. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматыда "Көктөбе" телемұнарасын сәулеттік-көркемдік жарықтандыруды безендіру бойынша дайындық жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр. Бұл туралы қала әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Терреңқұрдағы демалуға қолайлы әрі тартымды аймақ құру іргелес аумақтарды абаттандыру арқылы жоспарланып отыр", - деді Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуде.

Ол жобалау-сметалық құжаттама осы жылдың I тоқсанында аяқталатынын атап өтті.

"Жобада заманауи амфитеатр мен жаяу жүргіншілер көпірін салу, тоғанды абаттандыру, балалар мен спорт алаңдарын орнату көзделген", - деді Алматы әкімі.

Бұдан бөлек, әкімдік өкілдерінің хабарлауынша, жазда "Алатау" шағын ауданындағы скейтпарктің құрылысы аяқталады. Тұрғындардың өтініші бойынша басталған құрылыс наурыз айының соңына дейін бітеді.

Ал осы жылдың маусым айында қаланың көрікті нышандарының бірі – Көктөбе телемұнарасын сәулеттік-көркемдік жарықтандыруды безендіру бойынша дайындық жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр.

Сондай-ақ әкім "Самал-1" шағын ауданындағы "Журналистер" скверін реконструкциялау жұмысы және Оспанов көшесіндегі жаяу жүргіншілер аймағының құрылысы аяқталатыны атап өтті.

Досаев 2024 жылы Көктөбеде қандай өзгерістер болатынын айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.