"Балаларымыздың қойған талабы бар": Бағдат Мусин отбасындағы қағиданы айтты
Жарияланған күні:
Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин алғаш рет отбасы туралы айтып берді. Министрлік басшысы жанұясындағы ерекше дәстүрлер жайлы сыр шертті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бағдат Мусин бүгінде бес баланы тәрбиелеп отыр. Министр жұмысы қандай қарбалас болса да, жексенбі күнін міндетті түрде өз жанұясымен өткізетінін айтты.
Оның сөзінше, жексенбіні "отбасы күні" етіп бекіту балаларының талабы екен.
"Бес балам бар. Отбасымыз үлкен. Жанұямыздың әр мүшесінің өз энергетикасы бар. Оның үстіне ата-анам жақсы көмектесіп тұрады. Отбасымнан қуат аламын. Отбасымның арқасында күнделікті күйбең тіршіліктен демаламын. Негізі жанұямызда әдетке айналып кеткен дәстүрлер бар. Ең бастысы - жексенбі күнін міндетті түрде бірге өткіземіз. Бұл біріншіден балалардың қойған талабы. Қазір перзенттеріміз де өсіп жатыр. Олардың да өз жұмыстары болады.
Сол себепті бәріміз тірліктерімізді сенбі күні бітіріп, жексенбіні отбасымызға арнаймыз. Біздің жанұяда туған күн, мейрам, балаларымыздың жетістігі міндетті түрде, қалай болғанда да аталып өтеді. Қарбалас болса да, бәріміз уақыт табуға тырысамыз. Ерекше тосынсый жасаймыз. Ақшалай сыйлық емес. Ол бейнебаянның түсірілімі, өлең жолдары, бейнежазба болуы мүмкін. Осындай сәттер ешқашан ұмытылмайды", - деді министр "nFactorial Podcast" Youtube арнасына берген сұхбатында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060098-balalarymyzdyn-qoigan-talaby-bar-bagdat-musin-otbasyndagy-dastur-turaly-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.