Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тәуекелге бармаңыз": полицейлер астаналықтарға үндеу жасады (видео)

Опубликовано:

Полиция қызметкері
Полиция қызметкері. Көрнекі фото: СҚО полиция департаменті

Астаналық полицейлер көлік жүргізушілерін қолайсыз ауа райы жағдайында елдімекендерден шықпауға және қала сыртына шығудан бас тартуға, тәуекелге бармауға шақырды. Бұл туралы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Ауа райының нашарлауына байланысты (республика аумағында бұрқасын, қатты жел, боран, жаңбыр жауып, көрінудің шектелуі) бірқатар облыста көліктердің қозғалысына шектеулер енгізілді.

Құрметті көлік жүргізушілері, қолайсыз ауа райы жағдайында елдімекендерден шықпауға және қала сыртына шығудан бас тартуға шақырамыз! Өзіңізді және жақындарыңызды негізсіз тәуекелге ұшыратпаңыз! ", - делінген хабарламада.

Астана полиция департаментінің мәліметінше, 8 ақпанда бір тәулік ішінде 250-ден астам жол көлік апаты тіркелген. Сондай-ақ ауа райы жағдайына байланысты 8 ақпаннан бастап барлық қызметтер күшейтілген жұмыс режиіміне көшті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060119-tauekelge-barmanyz-policeiler-astanalyqtarga-undeu-zasady-video/

pixel