Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте танымал брендтердің атымен жасалған тәттілер тәркіленді

Жарияланған күні:

Жалған өнімдер
Жалған өнімдер. Фото: Әділет министрлігі

Әділет органдары Шымкент қаласы полиция департаментімен бірлесіп жүргізген операция нәтижесінде 48 000-нан астам жалған өнім тәркіледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Әділет министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл өнімдер "Kit Kat" және "Nesquik" (кондитерлік өнімдер) сияқты танымал брендтермен таңбаланған. Жалған өнім Шымкент қаласында "Б" ЖШС компаниясы көтерме бағамен сатылып келген.

"Тексеру "Nestle S.A." компаниясының өтініші бойынша жүргізілді. Қазіргі уақытта іс материалдары Шымкент қаласының Әділет департаментінің өндірісінде және тауар белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін жауапты тұлғаны жауапқа тарту туралы шешім қабылдануда.

Құқық иесіне келтірілген залалдың сомасына байланысты тексеру материалдары сотқа жолданып, кінәлі тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін экономикалық тергеу қызметіне беріледі", - делінген хабарламада.

Әділет министрлігі жалған немесе контрафактілі өнімдерді сату және тұтыну қоғам үшін қауіпті екенін, бұл жосықсыз бәсекелестік арқылы пайда мен беделін жоғалтатын тауар белгілері иелерінің құқығы мен мүддесін бұзып қана қоймай, сонымен қатар тұтынушылардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретінін ескертті.

"Жалған өнімдерде токсиндер, аллергендер, канцерогендер, пестицидтер, ауыр металдар, гормондар, антибиотиктер және тағы басқа сияқты зиянды немесе тыйым салынған заттар жиі кездеседі.

Көрсетілген сипаттамаларға, сапаға және қауіпсіздікке сәйкес келмейтін өнімдерді тұтыну немесе пайдалану улануға, аллергиялық реакцияларға, ағзаның бұзылуына, аурулардың, соның ішінде қатерлі ісіктің дамуына әкелуі мүмкін. Әділет органдары зияткерлік меншік құқығын бұзатын өнімнің таралуына қарсы күресті жалғастыратын болады", - деді ведомство өкілдері.

Министрлік өкілдері мұқият болуға шақырып, өздерін және жақындарын жалған өнімдерден қорғау үшін тауарлардың түпнұсқалығына назар аудару керектігін еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060130-symkentte-tanymal-brendterdin-atymen-zasalgan-tattiler-tarkilendi/