Алматыдағы аудандардың бірінің тұрғындары жарықсыз қалды
Жарияланған күні:
Бүгін Алматының Алмалы ауданында апатты жағдайда электр қуаты үзілді. Бұл туралы "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін, 9 ақпанда сағат 12:20-да Алмалы ауданында Гоголь – Амангелді – Абай – Байтұрсынов көшелерінің алаңында апатты жағдайда электр қуаты үзілді.
Апаттың себебі анықталып, оқиға орнында экипаж жұмыс істеп жатыр. Екі сағаттың ішінде тұрғындарға электр жарығы қосылады деп күтілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060131-almatydagy-audandardyn-birinin-turgyndary-zaryqsyz-qaldy/