Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана әуежайында рейстер кешіктіріліп жатыр

Опубликовано:

Әуежай
Астана әуежайы. Фото: Көлік министрлігінің Telegram-дағы арнасы

Астана халықаралық әуежайы әкімшілігі бүгін бірнеше рейс кешігіп жатыр деп ескертті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазіргі уақытта Астана халықаралық әуежайында ұшуға жоспарланған 78 рейстің 6-ы ұшақтың кеш келуіне байланысты кешіктірілуде. Сондай-ақ, ұшып келуге жоспарланған 79 рейстің 15-і кешіктірілді.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстердің кешігуі немесе тоқтатылуы болған жоқ", - делінген хабарда.

Әуежайдың баспасөз қызметі ұшу-қону жолағын қардан тазарту жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Жолаушылар рейстер туралы ақпаратты және олардың кестедегі ықтимал өзгерістері туралы мәліметті әуекомпаниядан, сондай-ақ Астана халықаралық әуежайының ресми сайтынан (www.nn-airport.kz) немесе тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығынан 8 (7172) 702-999 біле алады", - деп ескертті әкімшілік өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060162-astana-auezaiynda-reister-kesiktirilip-zatyr/

pixel