Семейлік полицей күдіктіні азаптады деген күдікке ілінді
Жарияланған күні:
Семейде ұсталған адамды азаптады деген күдікпен полиция қызметкері қамауға алынды, деп хабарлайды Абай облысының прокуратурасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Абай облыстық прокуратурасы берген мәліметтерге сәйкес, 2023 жылдың қаңтарынан бастап азаптау туралы қылмыстық істерді тергеп-тексеру прокуратура органдарының айрықша бақылауына алынған.
Қылмыстық қудалау органдары қызметкерлері азаптауға жол бермеу мақсатында прокурорлар тәулік бойы ақпараттық сайттарды бақылайды. Сондай-ақ уақытша ұстау изоляторын және құқық қорғау органдарының қызметтік ғимараттарын тексереді. Бұдан бөлек, бейнебақылаудың жай-күйіне, оның жұмысқа жарамдылығы мен бейнежазбалардың сақталуына, сондай-ақ ғимараттардағы "соқыр аймақтарды" жоюға ерекше назар аударылады.
Семей қаласы Орталық полиция бөлім қызметкері қылмыс жасағанын мойындату мақсатында азаптау, яғни Қылмыстық кодекстің 146-бабының 3-бөлігі 1-тармағында ("Азаптаулар, яғни лауазымды адамның тән зардабын және (немесе) психикалық зардапты қасақана келтіруі») көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен Семей қаласы орталық полиция бөлім қызметкері ұсталды. 2024 жылдың 26 қаңтарында Абай облысының прокуратурасы ҚПК-нің 128-бабына сәйкес күдіктіні Семей қаласының полиция бөлімшесінің уақытша ұстау изоляторына қамады", - делінген прокуратура хабарламасында.
Облыстың мамандандырылған тергеу соты күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары әлі де жалғасуда.
ҚПК-тің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060163-semeilik-policei-kudiktini-azaptady-degen-kudikke-ilindi/