jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Алматыда жоғары лауазымды шенеунік алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Ақша
Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматы қаласы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Антикорға сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы" КММ басшысының орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Шенеунік алаяқтық жасау дерегі бойынша күдікке ілінді.

"Алдау арқылы ол аула аумақтарын күтіп ұстау, жинау және ҚТҚ шығару бойынша қызметтер көрсету шарттарын жасасу сылтауымен 21 млн теңге көлемінде жергілікті кәсіпкердің ақшалай қаражатын иемденген", - делінген хабарламада.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері күдікті үй қамауына алынғынын, тергеу жалғасып жатқанын атап өтті.

Құзырлы орган мәліметінше, Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Алматыда жоғары лауазымды шенеунік алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.