"Құбырдың жарылуынан деп ойлаймыз": ТЖМ басшысы Алматыдағы лай көшкінінің алдын ала себебін айтты
Жарияланған күні:
Читать на русскомОрталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Алматыдағы лай көшкінінен екі тұрғын үй қирауының алдын ала себебін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
"Әкімдік тарапынан апатты қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда жақын маңдағы үйлерге лай көшкіні жүру қаупі жоқ. Біз алдын ала зерттеген факторлар бойынша құбырдың жарылуы оқиғаға себеп болған.
Бұл сол жердегі мамандардың болжаған нұсқасы, комиссия тексерісі аяқталғаннан кейін қорытындысын береді. Бірақ біз мұның бәрі осы құбырдың жарылуы салдарынан болды деп ойлаймыз", - деді ТЖМ басшысы.
Алматыдағы лай көшкіні
Еске салайық, 8 ақпанда сағат 02.20-да Алматы қаласы Медеу ауданының "Тау-Самал" шағын ауданында алдын ала ақпарат бойынша техногендік сипаттағы топырақтың ылғалдануынан лай көшкіні жүрген.
Үйлерде төрт адам, оның ішінде екі бала болған. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары үшін №47 орта мектепте эвакуациялық пункт ашылған.
Сондай-ақ Алматы әкімі Ерболат Досаев лай көшкініне байланысты техногендік апат болған жерге барып, қираған үйлерді аралады.
8 ақпанда лай көшкіні салдарынан қираған үйдің астынан 1984 жылғы ер адамның, 1980 жылғы әйелдің және 2007 жылғы егіз жасөспірімнің денесі табылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060206-qubyrdyn-zaryluynan-dep-oilaimyz-tzm-bassysy-almatydagy-lai-koskininin-aldyn-ala-sebebin-aitty/