"100 мың теңге өтемақы алыңыз": Қаржы министрлігінің атын жамылған алаяқтар тағы да жалған хабарлама таратуда
Жарияланған күні:
Қазнетте тағы бір алаяқтық жарнама пайда болды. Онда қазақстандықтарға Қаржы министрлігінің атынан 100 мың теңге төлемақы берілетіні айтылған. StopFake порталының фактчекерлері мұндай төлем жоқ екенін ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Порталда жарияланған ақпаратқа сүйенсек, қазақстандықтарға мемлекеттен 100 мың теңге мөлшерінде өтемақы төленетіні туралы жарнамалық ақпарат Facebook-те жарияланған. Яғни, бұрын төленген қаражат қайтарылады, бірақ қандай қаржы екені нақтыланбайды.
Бірақ "бұл хабарландыру – фейк" дейді сарапшылар.
"Бұл – белгілі алаяқтық схема. Адамдардың ақшалай қаражатына қол жеткізу үшін алаяқтар Facebook-те Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің атынан парақша ашқан. Онда ведомство жаңалықтары да, пайдалы ақпарат та жоқ".
Сарапшылардың жазуынша, Қаржы министрлігінің ресми сайтында әрбір қазақстандыққа 100 мың теңгеден өтемақы төленетіні туралы ақпарат жоқ. Ведомствоның Faceebok және Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында да мұндай жаңалық жоқ.
"Жарнамада келтірілген сілтемеге кіргенде белгісіз сайт ашылады. Онда төлемді алу үшін өзіңіз туралы ақпаратты толтыру қажет. Осылайша, алаяқтар сеніп қалған пайдаланушылардың банктік шоттарындағы ақшаны ұрлау үшін жеке деректерді біліп алады.
Адамдарды жаңылыстыру үшін алаяқтар жарнаманың астына пікірлер де жазған. Онда қазақстандықтар төлемдерді алғанын айтқан. Алайда парақшаларды мұқият қарасақ, олардың бір күндік аккаунттар екенін түсінеміз. Бұл әдейі теріс пиғылмен жасалған. Парақшаларда белсенділік жоқ және бір-екі сурет қана бар". - дейді фактчекерлер.
Ақпаратты тексерген мамандардың айтуынша, жарнаманы алаяқтар адамдарды алдау үшін шығарған. Сарапшылар тек тексерілген ақпарат пен ресми дереккөздерде орналастырылған хабарламаларға ғана сенуге шақырады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060229-100-myn-tenge-otemaqy-alynyz-qarzy-ministrliginin-atyn-zamylgan-alayaqtar-tagy-da-zalgan-xabarlama-taratuda/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.