Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да мүгедектер мен олардың заңды тұлғаларынан табыс салығы және өзге салықтар заңсыз ұсталған

Опубликовано:

Мүгедектігі бар адам
Мүгедектігі бар адам. Көрнекі фото: pexels.com

Солтүстік Қазақстан облысында мүгедектігі бар адамдар мен олардың заңды тұлғаларынан жеке табыс салығы және т.б. төлемдер негізсіз ұсталғаны анықталды, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының ресми сайты.

Ведомство ақпаратына сәйкес, халықтың әлеуметтік осал топтарының құқығын қорғау бойынша қадағалау жұмыстары аясында жеке табыс салығын және т.б. төлемдерді негізсіз ұстап қалу бойынша өрескел заң бұзушылықтар анықталды.

"Мамлют, Шал ақын, Тайынша аудандарында жұмыс берушілер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодекстің 2022-2023 жылдар бойынша 346-бабын бұза отыра мүгедек балалардың 74 заңды өкілінен жеке табыс салығы ұсталған", – делінген хабарламада.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, ұсталған салық мөлшерінің жалпы сомасы – 6,6 млн теңге. Алайда заң бойынша мүгедек балалардың заңды тұлғалары оларды төлеуден босатылған.

Ал Ақжар ауданында 19 мүгедекке қатысты кодекс талаптарына қайшы көлік салығы мен мемлекеттік баж салығы заңсыз ұсталған.

Сондай-ақ прокурорлық қадағалау актілері бойынша мемлекеттік кіріс органдары аталған тұлғаларға 2,3 млн теңгені қайтаруды қамтамасыз етті, қалған соманы қайтару бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.

Халықтың әлеуметтік осал топтарының құқығын қорғау мәселесі прокуратураның ерекше бақылауында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060269-sqo-da-mugedekter-men-olardyn-zandy-tulgalarynan-tabys-salygy-zane-ozge-salyqtar-zansyz-ustalgan/

pixel