jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

ТЖМ Риддерде сезілген жер сілкінісіне қатысты пікір білдірді

Сейсмограф
Сейсмограф. Көрнекі фото: adventtr/Getty Images

Бүгін Риддер тұрғындары 2 балдық жер сілкінісін сезді. Төтенше жағдайлар министрлігі зардап шеккен азаматтар мен қираулар туралы ақпарат келіп түспегенін айтты, деп хабарлайды ТЖМ Telegram-дағы ресми арнасында.

ТЖМ "Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі ақпанның 10-ы сағат 14:24-те жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шығысқа қарай 1023 километр жерде Ресей аумағында (Алтай Республикасы, таулы жер, Қазақстан шекарасынан 30 километр жерде) орналасқан.

Ведомство ақпараты бойынша, жер сілкінісі MSK-64 шкаласы бойынша Риддерде 2 балға жеткен. Қазіргі таңда жағдай тұрақты.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат келіп түскен жоқ.

"ТЖМ бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп коммуналдық және гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне тексеру жүргізіп жатыр. ТЖМ азаматтарға сабырлы болып, дүрбелеңге түспеуді сұрайды", – делінген хабарламада.

ТЖМ Риддерде сезілген жер сілкінісіне қатысты пікір білдірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.