jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Ақтауда коммуналдық қызметкерлер жолдарды қысқа сапты күрекпен судан тазартқан (видео)

Ақтау көшелерін тазалау жұмыстары
Ақтау көшелерін тазалау жұмыстары. Видеодан кадр: lada.kz

Ақтауда коммуналдық қызметкерлер қысқа сапты күрек пен шелек арқылы жолдарды судан тазартқанының видеосы пайда болды. Бұл қала тұрғындарын таң қалдырған. Жайтқа байланысты жауапты органдар пікір білдірді, деп хабарлайды Lada.kz.

Басылым сайтында коммуналдық қызметкерлердің жұмысы түсірілген видео жарияланды. Видеодан коммуналдық қызметшілер Ақтаудағы көшелердің бірін кәдімгі қысқа сапты күрек пен шелектің көмегімен тазартып жатқанын көруге болады.

Басылым жазуынша, бұл жайт қала тұрғындарын таң қалдырды.

"Байғұс коммуналдық қызметкерлер, билік арнайы техниканы жұмылдыра алмай ма?", – деген сұрақ қойды жергілікті тұрғын.

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының басқармасы оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Басылым ведомство өкілдерінің сөзіне сүйеніп жазуынша, бұл аумақта толған су мөлшері аз болғандықтан, оны арнайы құрылғымен (мотопомпа) тартып алу мүмкін емес. Осылайша жолдарды судан тазартуға жұмысшыларды жұмылдыруға тура келген.

Ақтауда коммуналдық қызметкерлер жолдарды қысқа сапты күрекпен судан тазартқан (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.