Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада шіркеу жұмысшысы қару ұрлағаны үшін сотталды

Опубликовано:

Тәркіленген қару-жарақтар
Тәркіленген қару-жарақтар. Фото: Астана қаласы ПД

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты бұрын сотталған шіркеу жұмысшысына қатысты үкім шығарды. Бүл туралы KAZ.NUR.KZ елордалық ПД-ның Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты бұрын сотталған 38 жастағы шіркеу жұмысшысын қару ұрлап қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тапқан.

Оған ең жоғары қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтей отырып, үш жарым жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Жедел іс-шараларды өткізу кезінде ер адамды Астана қаласы экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері әшкерелеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060352-astanada-sirkeu-zumyssysy-qaru-urlagany-usin-sottaldy/

pixel