"Бұл апат емес": елордадағы ЖЭО-2-дегі жағдайға "Астана Энергия" және Энергетика министрлігі түсінік берді
Жарияланған күні:
Читать на русскомАстанада 9 ақпанда ЖЭО-2-де ТА-4 өшіріліп, компенсатор жарылған. Бұл жағдайға қатысты Энергетика министрлігі мен компания түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Астана Энергия" АҚ мәліметінше, 9 ақпанда сағат 11:44-те басқару жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты ТА-4 сөніп, соның салдарынан компенсатор жарылған.
"Бұл апат емес. Барлық ақау жойылып, ТА-4 жұмыс істеп тұр. Оған түсетін жүктеме бұрынғыдай 100 мВт. Бұл ЖЭО-2 жұмысына ешқандай әсер еткен жоқ", - деліген компания мәлімдемесінде.
Бұл жайтқа қатысты Энергетика министрлігі де түсініктеме берді.
"Қазіргі таңда ЖЭО-2-де 4-турбина жұмыс істеп тұр. Фотосуретте көрсетілген ақаулар жойылды. Фотода кеше, 10 ақпанда аяқталған жөндеу жұмыстарының барысы көрсетілген.
Оқиға реттеу жүйесінде ақаудан шыққан", - деді министрлік өкілдері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060353-bul-apat-emes-elordadagy-zeo-2-degi-zagdaiga-astana-energiya-zane-energetika-ministrligi-tusinik-berdi/