Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл апат емес": елордадағы ЖЭО-2-дегі жағдайға "Астана Энергия" және Энергетика министрлігі түсінік берді

Опубликовано:

Астана ЖЭО-2
Астана ЖЭО-2: Энергетика министрлігі

Астанада 9 ақпанда ЖЭО-2-де ТА-4 өшіріліп, компенсатор жарылған. Бұл жағдайға қатысты Энергетика министрлігі мен компания түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Астана Энергия" АҚ мәліметінше, 9 ақпанда сағат 11:44-те басқару жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты ТА-4 сөніп, соның салдарынан компенсатор жарылған.

"Бұл апат емес. Барлық ақау жойылып, ТА-4 жұмыс істеп тұр. Оған түсетін жүктеме бұрынғыдай 100 мВт. Бұл ЖЭО-2 жұмысына ешқандай әсер еткен жоқ", - деліген компания мәлімдемесінде.

Бұл жайтқа қатысты Энергетика министрлігі де түсініктеме берді.

"Қазіргі таңда ЖЭО-2-де 4-турбина жұмыс істеп тұр. Фотосуретте көрсетілген ақаулар жойылды. Фотода кеше, 10 ақпанда аяқталған жөндеу жұмыстарының барысы көрсетілген.

Оқиға реттеу жүйесінде ақаудан шыққан", - деді министрлік өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060353-bul-apat-emes-elordadagy-zeo-2-degi-zagdaiga-astana-energiya-zane-energetika-ministrligi-tusinik-berdi/

pixel