Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астаналық ерлі-зайыпты футбол алаңында жарақат алған баласы үшін әкімдіктен өтемақы өндіріп алды

Опубликовано:

Футбол алаңы
Футбол алаңы. Көрнекі фото: pixabay.com

Астана тұрғындары қаладағы футбол алаңындағы сапасыз төсемнің салдарынан ұлы дене жарақатын алғаны үшін әкімдіктен ақшалай өтемақы талап етті. Бұл туралы қалалық сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Астана сотының сайтында жарияланған мәлімет бойынша, азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты ерлі-зайыптылардың Астана қаласы әкімінің аудандық аппаратына қатысты материалдық және моральдық шығынды өндіріп алу туралы талап қоюы бойынша азаматтық істі қараған.

"Талап қою кәмелетке толмаған баланың әкімдік балансындағы футбол алаңында болған кезінде сапасыз төсем салдарынан дене жарақатын алғанына, балаға дене жарақаты келтіргеніне және оған ота жасалғанына негізделген. Жауапкер ата-аналардың өзі баланың өмірі мен денсаулығына жауапты екенін алға тартып, талапты мойындамады", - делінген хабарламада.

Сарапшының қорытындысы бойынша баланың денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келгені анықталды.

"Жауапкердің кінәсі – оған тиесілі мүлікті дұрыс ұстамауы. Сот шешімімен талап ішінара қанағаттандырылды, жауапкерден әрбір талапкердің пайдасына 250 мың теңгеден моральдық зиян өтелді"- делінген хабарламада.

Тараптар сот шешімін дауламады, заңды күшіне енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060395-astanalyq-erli-zaiypty-futbol-alanynda-zaraqat-algan-balasy-usin-akimdikten-otemaqy-ondirip-aldy/

pixel