Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сингапур азаматының ақшасын тартып алды деген қазақстандық ұсталды (видео)

Опубликовано:

Қамауға алынған ер адам
Ұсталған ер адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Жыл басынан бері Ішкі істер министрлігінің жедел қызметтері іздеуде жүрген 300-ден астам "қылмыскерді" ұстады, оған қоса хабар-ошарсыз кеткен 200-ден астам адамды анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомство ақпараты бойынша, Павлодар облысындағы кенттердің бірінде жедел-іздестіру іс-шаралары аясында павлодарлық тұрғынды атыс қаруымен атып өлтіргені үшін 2011 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Данат Бакибаев ұсталды.

Алматы облысында Сабыржан Масахбаев ұсталды. Ол 2023 жылдың аяғында Алматыда бір топ адам құрамында болып, алдын ала сөз байласу арқылы Сингапур азаматына шабуыл жасаған. Осылайша ол жәбірленушіден 3 млн теңге мен 13 мың АҚШ доллардан астам сомада ақша тартып алған. Ұсталған адамның сыбайластары бұрын құрықталған.

Ал Түркістан облысында полиция 10 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы Жамшид Ахмедовті ұстады. Шетел азаматы Сарыағаш ауданындағы "Жібек жолы" шекара бекетінде шекарадан өту кезінде ұсталып, қамауға алынды. Ер адам 2014 жылдан бастап Ресей федерациясы Иркутск қаласында кісі өлтіргені үшін іздеуде болған.

"ІІМ жедел бөліністерінің қызметкерлері Шымкентте көрші мемлекеттің құқық қорғаушыларымен алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген тағы бір өзбекстандық Маруфжон Жураевты ұстады", - деді ІІМ криминалдық полиция департаменті басқарма бастығының орынбасары Жангелді Табилов.

Сондай-ақ ведомство өкілдері Ішкі істер органдарымен жүргізілетін іздестіру жұмыстары жасалған қылмыс үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз етуді көздейтінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060403-singapur-azamatynyn-aqsasyn-tartyp-aldy-degen-qazaqstandyq-ustaldy-video/

pixel