Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"163 млрд теңге шығын": министр өртенген орман қалай қалыпқа келтірілетінін түсіндірді

Опубликовано:

Орман өртін сөндіріп жатқан өрт сөндіруші.
Орман өртін сөндіріп жатқан өрт сөндіруші. Көрнекі фото: t.me/qr_tjm

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи экология және табиғи ресуртсар министрі Ерлан Нысанбаевқа және ТЖМ вице-министрі Бауыржан Сыздықовқа Семейде және Қостанай облысында болған өртке қатысты бірқатар сұрақ қойды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ермұрат Бәпи аталмыш өңірлердегі өрттен кейін орман қорын қалыпқа келтіру бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын сұрады. Оған қоса депутат экология министрінен Семейдегі алапат өрттің шығыны жайлы сұрақ жолдады.

"Өткен жылы Семей мен Қостанай облысында алапат өрт болған кезде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке нақты тапсырмалар берген еді. Осыған орай менде екі сұрақ бар: біріншісі, бүгінде орман қорын қалпына келтіру мәселесінде Абай және Қостанай облыстарында нақты қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр? Және орман қорын толық қалпына келтірудің таяу болашақтағы мүмкіндігі қандай? Екіншісі, Семей ормандарында болған алапат өрттің шығыны толық анықталды ма?" - деп сұрады Ермұрат Бәпи.

Ерлан Нысанбаев бүгінде орман қорын қалыпқа келтіру жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын түсіндіріп, Семейдегі өрттің шығыны 163 млрд теңге болғанын айтты.

"Абай облысындағы орман өрті бойынша қазан айында штаб құрылды. Штаб аясында үлкен жол картасы жасалды. Сол бүгін 63,5 мың гектар жердегі алты миллион ағашты қалай игереміз? Әзірге бүгінгі мақсат - соның бәрін кесіп алып тастап, орнына жаңа орман отырғызу. Сонымен қатар бүгінде оның көптеген процедурасы бар. Өртенген орманды орман шаруашылығы жұмыстарын жүргізу, әр күйген аумақ бойынша көлемін текше метрмен шығару. Сосын оны бөліп, көлемдерін белгілеп, сол жерге келіп ағаш кесетін мекемелерімізге, болмаса бизнес өкілдерін де шақырып жатырмыз. Бүкіл облыстың орманшыларын да шақырып жатырмыз. Кесіп, төмендетілген бағамен өздері алып кетеді.

Екінішіден, бұл өте қажет дүние. 6 миллион текше метрдің 20-25 пайызы ғана құрылысқа жарамды. Қалғаны - отын. Ондай көлемде отынды халыққа өткізе алмаймыз. Сол себепті ол жерде өңдеу зауыттары тұруы керек. Соған байланысты әкімдікпен бірігіп, төрт компаниямен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Солардың екеуі көңіл толатындай іс-шара жүргізіп жатыр. Жылдың аяғына дейін зауыттарды қойдыртып, келер жылдан бастап кетсе дейміз.

Үшіншісі - келер жылдан бастап орманға көшет дайындау. Шетінен тазалап жатқанымызды шетінен отырғызуымыз керек. Биылғы жоспар 25 тонна болатын. Біз 120 тонна шишка жинаттық. Содан шығатыны бар-жоғы 1 тонна 200 тұқым. Жыл сайын Жол картасы бойынша қанша тұқым жиналғанын белгілеп, соған қаражат бөлінеді. Сол тұқым жиналып, егіледі. Жоспар бойынша 2034 жылға дейін 63,5 миллион гектар жерді толығымен қайта өңдейміз деген ойымыз бар. Шығынға қатысты үкіметтік тергеу жүргізілді. Соның нәтижесі бойынша 163 млрд теңге болды. Өрттің себебі де анықталған. Басты себебі - найзағай. Оның үстіне ол кезде қатты жел соғып тұрған", - деді Нысанбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060446-163-mlrd-tenge-sygyn-ministr-ortengen-orman-qalai-qalypqa-keltiriletinin-tusindirdi/

pixel