Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавл арақ зауыты модернизациядан кейін қалай өзгереді

Опубликовано:

Петропавл арақ зауыты
Фото: Петропавл арақ зауыты

Петропавл арақ зауытының жұмыс істеп тұрғанына 80 жылдан асты – зауыт 1941 жылы Солтүстік Қазақстан облысында Харьковтан жабдықтар көшірілген кезде іске қосылған. Бастапқыда мұнда спирт өндірілсе, соғыстан кейінгі жылдары ассортименті кеңейді - зауыт ликер-арақ алкогольдік сусындарын шығара бастады, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Әрине, ондаған жыл бойы өндіріс кеңейіп, одан әрі дамыды, мысалы, бүгінде сапа параметрлерін анықтауға арналған аспаптармен жабдықталған заманауи зертханада сертификатталған мамандар жұмыс істейді.

Бұл кездейсоқ емес – мұнда сапа ерекше бақылауда. Осы мақсатта ISO стандарттарына сәйкес келетін – "Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар" және тиісті сертификаттармен расталған арнайы жүйелер енгізілді.

Петропавл арақ зауыты
Фото: Петропавл арақ зауыты

Сонымен қатар кәсіпорынға ребрендинг жүргізілді, бұл зауыттың отандық нарыққа ғана емес, сонымен қатар шетел нарығына шығуына мүмкіндік берді. Осылайша, бүгінде экспорттық өнімдер Ресейге, Эстонияға, Польшаға, Латвияға, Қытайға, Арменияға, Германияға және басқа да елдерге жеткізіледі.

Дегенмен өсу одан әрі дамуды талап етеді, сондықтан қазір Петропавл арақ зауытының алдында жаңа міндет тұр – өндірістік қуатты ұлғайту үшін халықаралық стандарттарға сай келетін толық автоматтандырылған жаңа арақ зауытын салу қажет.

Петропавл арақ зауыты
Фото: Петропавл арақ зауыты

Арақ өнімдерін шығару оңай процесс емес. Ол үшін технологиялық суды дайындау және тағам шикізатынан ректификатталған спиртті араластыру қажет. Біздің өндірісте Степногорск қаласындағы "ALFA ORGANIC" ЖШС және Ақтөбе қаласындағы "Кентавр" ЖШС өндіретін "Альфа" және "Люкс" дәнді уытты спирті қолданылады. Осыдан кейін су-спирт ерітіндісі белсендірілген көмір арқылы сүзгіден өтеді - мысалы, бұл зауыт қайыңнан өндірілген көмірді пайдаланады.

Бұл соңғы өнімге дәм беріп, жұмсақ болуына мүмкіндік береді. Процесске сұйықтықты бір ай бойы араластыру және "тындыру" да кіреді, бұл ассимиляция үшін қажет.

Петропавл арақ зауыты
Фото: Петропавл арақ зауыты

Өндірістің барлық кезеңінде тек табиғи шикізат пайдаланылады және бұрын бекітілген рецепт бойынша жасалынады.

Өндірістің әр кезеңі автоматтандырылып, жетілдірілетін болады. Мысалы, технологиялық су, технологияға сәйкес, кварц құмы, кері осмосты пайдаланатын катионды қондырғы арқылы сүзудің бес сатысынан өтеді. Сондай-ақ зауытта технологиялық суды сүзу және дайындау кезінде Бах пен Моцарттың классикалық музыкасы ойнатылады, сол арқылы суды оң энергиямен зарядтайды, бұл суға дәм береді.

Ал сулы-спирт сұйықтығы классикалық жолмен жеті сүзгіден өтеді, дейді Петропавл арақ зауытының директоры. Бұл зауыттың басқа да зауыттардан ерекшелігі сүзгі процесі - бірегей арақты сорғыларсыз, яғни гравитация әдісі арқылы сүзеді.

Петропавл арақ зауыты
Фото: Петропавл арақ зауыты

Өнімдерді араластыру үшін мүлдем жаңа, толығымен автоматтандырылған цех салынады - оның құрылысын Молдованың Artinox компаниясы жүргізеді, онда тот баспайтын фин металы пайдаланылады.

Сонымен қатар компания хабарлағандай, өндіріс орнында Nelden компаниясының италиялық жабдықтарымен толығымен автоматтандырылған құю желілері орнатылады.

Процесті автоматтандыру арқылы зауыт өнімділігі артып, өнім сапасы жақсарады. Маңызды аспект – өнімнің сапасына тікелей әсер ететін адам факторы төмендейді.

Жаңа зауыт сағатына 6-8 мың бөтелке немесе жылына 43,2 млн бөтелке шығарады деп күтілуде. Сонымен қатар жергілікті бюджетке жылына 22 млрд теңгеге дейін салық түседі деп болжанады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060463-petropavl-araq-zauyty-modernizaciyadan-keiin-qalai-ozgeredi/

pixel