Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазкоммерцбанктегі" жымқыру ісі: 44,5 млрд теңгенің мүлкі тәркіленді

Опубликовано:

Ақша
Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматыда ақшалай қаражатты ұрлау фактісі бойынша "Қазкоммерцбанк" АҚ-на қатысты қылмыстық іс шеңберінде параллельді қаржылық тергеу жүргізіп, сотқа дейінгі тәркілеу рәсімін жүзеге асырды. Қаржылық мониторинг агенттігі өкілдері істің жай-жапсарын айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасының үйлестіруімен ақшалай қаражатты ұрлау фактісі бойынша "Қазкоммерцбанк" АҚ-на қатысты қылмыстық іс шеңберінде параллельді қаржылық тергеу жүргізіп, сотқа дейінгі тәркілеу рәсімін жүзеге асырды.

Соттың санкциясымен күдіктілердің жалпы сомасы 44,5 млрд теңге болатын ауданы 300 гектарға жуық жер учаскелері мен автокөлік құралдары қамауға алынды", - делінген хабарда.

Келтірілген залалды өтеу мақсатында ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 667, 668-баптарының тәртібімен іздеуге жарияланған тұлғаларға қатысты қылмыстық жолмен өндірілген мүлікті сотқа дейінгі тәркілеу көзделген.

Сот шешімімен мүлік Алматы қаласы әкімдігінің балансына қою арқылы мемлекет кірісіне өткізілген.

Қазіргі уақытта аталған активтер мемлекет меншігіне берілді, ал тәркіленуге жататын өзге де мүлікті іздеу жалғасып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060470-qazkommercbanktegi-zymqyru-isi-445-mlrd-tengenin-mulki-tarkilendi/

pixel