Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жолдағы қарды дер кезінде тазаламағаны үшін "Қажсервис" филиалының директоры жұмыстан шығарылды

Опубликовано:

Жол
Жол. Көрнекі фото: pixabay.com

Лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін "Қажсервис" ЖШС Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры және 11 қызметкер жұмыстан шығарылды. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қадағалаушы органның мәліметінше, қадағалау іс-шаралары жол қызметтерінің жұмысы жолдарды метеорологиялық факторлардың әсерінен тиісті қорғауды қамтамасыз етпейтінін көрсетті.

"Мәселен, Солтүстік Қазақстан көлік прокуратурасы "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ және "Қажсервис" ЖШС аумақтық филиалдарында қар тазалау техникасы мен көктайғаққа қарсы материалдардың тапшылығын анықтады.

Температураның күрт өзгеруі мен қардың түсуі кезіндегі бұл жағдай Солтүстік Қазақстан облысының республикалық жолдарындағы жол қозғалысын қиындатып, оның қатысушыларына қауіпсіздікке тікелей қауіп төндірді", - делінген хабарламда.

Осы бұзушылықтарды жою үшін прокуратура автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператордың атына ұсыныс енгізген.

"Прокуратураның қадағалау актілерінің бірі бойынша лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін 11 қызметкермен және "Қажсервис" ЖШС Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директорымен еңбек шарты бұзылды.

Тағы біреуі бойынша – қызмет көрсететін мердігерлерге 1,6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды", - делінген Бас көлік прокуратурасы таратқан ақпаратта.

Шымкент көлік прокуратурасының осыған ұқсас заңдылықтың жай-күйіне жүргізген талдау нәтижелері де Түркістан облысының республикалық жолдарын күтіп ұстауға қажет жол техникасы жеткіліксіз екенін көрсеткен.

Салдарынан өткен жылдың 12-15 желтоқсаны аралығында қарлы боран мен қар жауған кезде кешіктірілген тазалау жұмыстары Шымкент-Тараз бағыты бойынша көлік ағынын тоқтатып, 50-ге жуық автокөлік жолда тұрып қалған.

Бұған қоса қадағалаушы орган көлік прокурорларының араласуынан кейін "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ алдағы уақытта ел өңірлеріне тарату үшін 245 қосымша жол техникасын сатып алуға бағытталған іс-шаралар жүргізіп жатқанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060486-zoldagy-qardy-der-kezinde-tazalamany-usin-qazservis-filialynyn-direktory-zumystan-sygaryldy/

pixel