Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада қоғамдық көлікте жол ақысын тағы бір әдіспен төлеуге болады

Опубликовано:

Астана көшелері
Астана көшесіндегі адамдар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астанада қоғамдық көліктерде енді жол ақысын банк картасымен төлеуге болады. Жалпы, астаналықтар жол жүру ақысын төлеудің 5 түрін пайдалана алады, деп хабарлайды қала әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қаланың қоғамдық көліктерінде жол жүру ақысын төлеудің бес жолы бар.

"Жолақыны төлеудің жаңа жүйесіне көшуге байланысты қазір қолданыстағы QR, көлік картасы, Bluetooth-ден бөлек, автобуста жол ақысын енді банк картасымен немесе NFC-ы бар ұялы телефон, қол сағаты, браслет сияқты құрылғылармен төлеуге болады", – делінген хабарламада.

Төлем жасау үшін жолаушы автобустағы планшетке банк картасын немесе NFC қосылған құрылғыны қойып, төлем сигналын күтуі керек.

Төлемді Visa және Mastercard банк төлем карталарының барлық түрімен жасауға болады. Сонымен қатар жолаушылар Google Pay, Apple Pay және Samsung Pay арқылы смарт технологияның көмегімен төлей алады.

Әкімдіктің хабарлауынша, банк картасымен төлеу бұрын тестілік режимде болған. Қаңтар айында 87 мың жол жүру ақысы картамен төленді. Қазір бұл төлем түрі барлық жерде енгізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060501-astanada-qogamdyq-kolikte-zol-aqysyn-tagy-bir-adispen-toleuge-bolady/

pixel