Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада бюджет қаражатын ұрлағаны үшін балабақша директоры сотталды

Опубликовано:

Полицейдің әйелге кісен салуы
Полицейдің әйелге кісен салуы. Көрнекі сурет.: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елордада бюджет қаражатын ұрлағаны үшін балабақша директоры сотталды. Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке 8,5 млн теңгеден астам шығын келтірілген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана қаласының прокуратурасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласындғы "Алматы" ауданының прокуратурасы елорда балабақшаларының біріне тексеріс жүргізу барысында мектепке дейінгі білім беру саласында табельдеу арқылы балабақшаға бармаған балаларға бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтаған.

"2021 жылғы маусым мен 2023 жылғы қыркүйек айының аралығында мемлекеттік қаражатты ұрлау мақсатында өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, балабақша меңгерушісі бюджет қаражатынан негізсіз төлемдер алған. Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке 8,5 млн теңгеден астам шығын келтірілген", - делінген прокуратура мәлімдемесінде.

Құзырлы орган кінәлі тұлға 3 жыл мерзімге коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, сотталғанын мәлім етті.

Астана қаласының прокуратурасы ақпараты бойынша, залал толық көлемде өтеліп, үкім заңды күшіне енген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060526-elordada-byudzet-qarazatyn-urlagany-usin-balabaqsa-direktory-sottaldy/

pixel