Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлытау облысында лауазымды шенеунік пара алды деген күдікке ілінді

Опубликовано:

пара беру
Пара. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ұлытау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Антикорға сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлытау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы" ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

"Ол облыс аумағындағы ежелгі қорымдардағы археологиялық қазбалар жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарты бойынша актілерге қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін мердігер ұйымнан 2 млн теңге көлемінде пара алу бойынша күдікке ілінді", - делінген хабарламада.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Антикор тергеу жалғасып жатқанын, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтінін мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060542-ulytau-oblysynda-lauazymdy-seneunik-para-aldy-dep-kudikke-ilindi/

pixel