Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында әкім орынбасары мас күйінде көлік жүргізгені үшін қамауға алынды

Опубликовано:

Көлік жүргізушісі
Көлік жүргізушісі. Көрнекі фото: piqsels.com

Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің орынбасарына көлік құралдарын басқару құқығынан 7 жылға айыру, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық сотқа сілтеме жасап хабарлайды.

Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің орынбасары Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 608-бабының 1-бөлігі бойынша құқықбұзушылық туралы іс (көлік құралын мас күйінде басқару) қаралды.

"Азамат Б. орташа дәрежелі мас күйінде автокөлікті басқарғаны және оны полиция қызметкерлері тоқтатқаны сотта анықталды.

Сот қаулысымен азамат Б.-ға көлік құралдарын басқару құқығынан 7 жылға айырумен 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды", - делінген сот хабарламасында.

Сондай-ақ сот облыс әкіміне қарамағындағы қызметкерлер тарапынан заң бұзушылыққа жол бергені туралы жеке қаулы шығарған.

Сот актілері заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060572-aqmola-oblysynda-akim-orynbasary-mas-kuiinde-kolik-zurgizgeni-usin-qamauga-alyndy/

pixel