Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада баланы ит қапты: иесі зардап шегушіге жарты млн теңгеден астам қаржы төлейтін болды

Опубликовано:

Қабаған ит
Қабаған ит. Көрнекі фото: pixabay.com

Астанада кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында баланы ит қабуына қатысты іс қаралды. Бұл туралы қалалық сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сотқа баланың заңды өкілі моральдық және материалдық залалды өтеу туралы талаппен жүгінген.

Сот таратқан мәлімет бойынша, баланы айыпталушының иті қауып алған, салдарынан балаға дене жарақаты келтірліп, стационарлық ем қабылдаған.

Осы факт бойынша иттің иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

"Сот кәмелетке толмаған баланың құқығы мен заңды мүддесін қорғау үшін татуластыру рәсімін өткізді. Тараптар бейбіт келісімге келіп, жауапкер өз еркімен екі ай ішінде 300 мың теңге сомасында моральдық зиянды, 200 мың теңге материалдық залалды және өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі сот шығыстарын өтеуге келісті", - делінген хабарламада.

Сот медиативтік келісімді бекітті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060618-astanada-balany-it-qapty-iesi-zardap-segusige-zarty-mln-tengeden-astam-qarzy-toleitin-boldy/

pixel