Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыға Италия мен Польшадан пошта арқылы есірткі жеткізілген (видео)

Опубликовано:

Есірткі
Есірткі. Көрнекі фото: polisia.kz

Алматыда Италия мен Польшадан келетін есірткі жеткізу арнасы жабылды. Шетелдік азамат ұсталып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл туралы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Алматыда Италия мен Польшадан кокаин тасымалдайтын арнаның жолын кесті.

Полицейлер жалға алынған пәтерден салмағы 250 грамм кокаин тәркіледі. Ол кофе түрінде пластикалық капсулаларға жасырылған. Бұдан әрі Қазпошта бөлімшесінде фигурантқа тиесілі сәлемдемені тәркілеу бойынша тергеу шаралары жүргізілді. Одан жалпы салмағы шамамен 1 кг есірткі заттары бар пластикалық банкалар табылды, оның ішінде 0,5 кг кокаин және 400 грамнан астам экстази болған. Бұл үш мыңнан астам бір реттік дозаға тең.

"Ұсталған шетелдік курьер функциясын үш айға жуық орындап келген, ал Алматыға шаруашылық тауар ретінде жасырылған пошта сәлемдемелері арқылы есірткінің сирек түрлерін сату мақсатында ғана келген", - делінген Ішкі істер министрлігінің Polisia.kz сайтында жарияланған хабарламада.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірхановтың мәлімдеуінше, ұсталған адамға қатысты есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алу және сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

Еске салсақ, бұл қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060633-almatyga-italiya-men-polsadan-posta-arqyly-esirtki-zetkizilgen-video/

pixel