Алматыда лай көшкінінен қаза болған отбасының көршілері коттедж тұрғындарын кінәлап отыр
Жарияланған күні:
Алматыда өткен аптада көшкін болған ауданның тұрғындары қайғылы жағдайға көршілері – коттедж иелерінің салғырттығы себеп болғанын айтты. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.
Еске салсақ, қайғылы оқиға бейсенбі, 8 ақпанда болған еді. Үш мың текше метр лай ағыны бір үйді басып қалып, төрт адам қаза болды. Марқұмдардың туыстары тергеудің әділ жүргізілуін талап етіп отыр.
Бұл үйде 50 жылдан бері тұрып келе жатқан Рауза Қалиева сол сұмдық түнді қорқынышпен еске алады. Ол қатты дыбыстан оянғанын айтады. Қорыққан немерелерімен жалаңаяқ көшеге жүгіріп шыққан. Бұл уақытта көрші үй қирап жатыпты.
"Түнде ояндым, қатты гуіл болды. Жарайды, машиналар тағы соғылды деп ойладым. Немерем, шөберем, оның әйелі мен қызы үш айлық: "Мама, тез шық! Көшкін!" деп айқайлады. "Қалайсың? Көшкін! Тез шық", деді. Балаларымның бәрі жалаңаяқ. Қар қалың жауды ғой сол күні. Барлығы жүгіріп шықты. Біз мұны түсінбедік. Мен мына жаққа қараймын, тұрған үй жоқ. Көршінің үйі тұтастай қирап қалған", - дейді ол.
Қазір зейнеткер үйіне кіруге қорқады. Көшкін оның баспанасын жартылай басып қалған. Бөлмелердің терезелері сынып, кей жерінде жарық пайда болыпты. Үй иелері қайғылы оқиғаға көршілерін кінәлап отыр. Олар жоғарыда орналасқан коттедждердің иелері кәріз құбырларын жүргізіп, қоқыс төгіп тастағанын айтады. Соның салдарынан дымқыл топырақ беткейден сырғып кеткен.
"Қатты дыбыс естілді. Олар көшкін түсіп жатқанын айтқан кезде, қолымыздан келгенше жүгіріп шықтық. Жүгіріп шыққанда үйдің қалай қирап қалғанын көрдік. Лай көшкін үйді басып қалды. Бұл көшкіннің себебі — кәріз құбыры. Біз бұл құбырды осыдан 5-6 жыл бұрын сайттан көріп, ескерткенбіз. Біз үй иелеріне бардық. Үй иелері әдеттегідей есікті ашпайды. Біз ешкімді танымаймыз. Ешкім жоқ. Неліктен олар бұл құбырды жолдың үстіне қойып, бар қалдықтарын учаскелерге төгеді?", - дейді Нұргүл Қалиева.
Көшкіннен көз жұмған ерлі-зайыпты мен олардың 16 жастағы егіз ұлы жер қойнына тапсырылды.
"Мен әкесімін. Бұл менің балаларым, немерелерім. Қатысқан, дос болған, жанашырлық танытқан барлығына алғыс айтқым келеді. Неге бұлай болды? Мен білмеймін. Құдай сақтасын, мұндай жағдайды ешкімнің басына бермесін. Олар бір-бірін жақсы көрді. Сондай бақытты отбасы еді. Бұл орны толмас қайғы. Құдай сақтасын, мұның бәрі ешкімге бұйырмасын. Қайғылы оқиға алдында ол әйелімен бірге балық аулауға шыққан. Бәрі керемет болып еді. Олар бақытты еді", - қайтыс болған азаматтың әкесі Ілияс Омаров.
Дереккөз: КТК
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060643-almatyda-lai-koskininen-qaza-bolgan-otbasynyn-korsileri-kottedz-turgyndaryn-kinalap-otyr/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.