jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Павлодар облысында прокурор атын жамылып, ақша бопсалаған күдікті ұсталды

Кісен салу
Кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Әлеуметтік желілерде Павлодар облысы прокуратурасының қызметкері ақша қорқытып алғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Осы жайтқа облыстық прокуратура пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Павлодар облысы прокуратурасының ресми сайтында жарияланған ақпарат бойынша, 2024 жылғы 9 ақпанда облыс прокуратурасының ішкі қауіпсіздік қызметіне қала тұрғыны прокуратура қызметкерінің әрекетіне шағыммен жүгінген.

"2024 жылғы 10 ақпанда облыстық полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 194-бабы (қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.  

Сол күні күдікті ұсталып, ол жасаған қылмыстық құқықбұзушылық үшін кінәсін мойындады.

Ұсталған адамның прокуратураға еш қатысы жоқ", - делінген хабарламада.

Қадағалаушы орган қазір қылмыстық тергеу жүріп жатқанын, тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етілмейтінін мәлімдеді.

Павлодар облысында прокурор атын жамылып, ақша бопсалаған күдікті ұсталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.