Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мектепте атыс шығарамын деп қорқытқан: Қарағандыда полиция жасөспірімді ұстады

Жарияланған күні:

Смартфон
Ұялы телефон ұстаған ер адам. Көрнекі фото: pexels.com

Қарағанды облысының полицейлері терроризм туралы хабарлама таратқан адамды ұстады. Ол 13 жастағы бала болып шыққан, деп хабарлайды Polisia.kz Telegram арнасында.

Ведомство ақпаратынша, облыстық ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "мектептерде оқушыларды атамын" деп хабарлама таратқан Telegram арнасының әкімшісі әрі авторын ұстады.

"Белгілі болғандай, 13 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны әлеуметтік желіден терроризм тақырыбындағы ақпаратты көріп, "Очищение Караганды" деген атаумен өзінің Telegram арнасын құрған. Осыдан кейін ұсталған азамат облыс төңірегіндегі мектептерде терроризм актісінің дайындалуы туралы ақпарат таратқан.

Қазіргі уақытта Telegram арна өшірілді. Полиция қызметкерлері бұл қылмысқа шетелде жүрген адамдардың қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр", - делінген хабарда.

Полиция шұғыл қызметтердің шығыны үшін залалды өтеу бойынша сотқа талап-арыз берді. Баланың ата-анасы заңға сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады.

Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетсек, кеше Қарағандыда белгісіз біреулер мектепке "шабуыл жасайтыны" жайлы хабар таратқан болатын. Осыдан кейін өңірдегі барлық мектепте қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060675-qaragandy-oblysynda-mektepterde-terroriz-zasaityny-turaly-aqparat-taratqan-adam-ustaldy/