Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісу облысында 43 жастағы ана оныншы перзентін дүниеге әкелді

Опубликовано:

Көпбалалы ананы ауруханадан шығару сәті
Жасия Жанатбен және дәрігерлер. Фото: Жетісу облысының әкімдігі

43 жастағы жетісулық ана оныншы баласын өмірге әкелді. Көпбалалы ана Жасия Жанатбек жолдасы екеуі 7 қыз, 3 ұл өсіріп отыр. Бұл туралы облыстық әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ерлі-зайыпты Бағдар мен Жасия Сарқан қаласында 15 жылдан бері тұрады. 10 бала тәрбиелеп отырған отбасының кенже қызы Ясмин жуырда өмірге келді. Оныншы перзентін өмірге әкелуге анаға Сарқан аудандық орталық ауруханасының дәрігерлері көмектескен. 

"Жасия Жанатбек – 1980 жылғы азаматша. Жалпы жүктілік мерзімі қалыпты өтті, оған әйелдің көңіл күйін жақсы ұстауы да әсер етеді. Көрсетіліміне байланысты 4 ақпанда ота жасалды. Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы. Бүгін оларды үйіне шығардық. Біздің аурухана үшін оныншы перзентін босандырып алу сирек құбылыс", - дейді аудандық аурухананың перзентхана бөлімінің меңгерушісі Ғалия Менисова.

Отбасының тұңғышы Хахида 23 жаста, қазір оның өзі отау құрып, екі баланың анасы атанып отыр. Екінші қызы Роза – 19 жаста, студент. Алматы қаласында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 2 курсында оқиды. Ұлжан, Ұлыхан, Жамбыл мен Айтөре – әлі оқушы, кішілері егіз Имран мен Ясин үш жаста.

Көпбалалы отбасы жаңа туған нәрестені ауруханадан шығарып жатыр
Көпбалалы отбасы. Фото: Жетісу облысының әкімдігі

Жасия Жанатбек "Күміс Алқа", "Алтын Алқамен" наградталған. Жолдасы Бағдар мал шаруашылығымен айналысады. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060686-zetisu-oblysynda-43-zastagy-ana-onynsy-perzentin-duniege-akeldi/

pixel