Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театрына жаңа директор тағайындалды

Опубликовано:

Айнұр Көпбасарова
Айнұр Көпбасарова. Фото: instagram.com/abay.kaz.ntob

Бүгін, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның бұйрығымен Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театры директорының уақытша міндетін атқарушы лауазымына Айнұр Көпбасарова тағайындалды. Бұл туралы Абай атындағы ҚҰОБТ-ның ресми Instagram-парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жаңа басшыны театр ұжымына мәдениет және ақпарат вице-министрі Ербол Әліқұлов таныстырды. Құттықтау сөз алғандар қатарында опера труппасының көркемдік жетекшісі Болат Бөкенов ұжым атынан Айнұр Сайлаубайқызына өзінің тілегін білдіре келе, алдағы ісіне сәттілік тіледі.

Айнұр Сайлаубайқызы Көпбасарова - 1975 жылы 7 ақпанда дүниеге келген. 1996-1999 жылдар аралығында əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде аспирантураны, 1995-1996 жылдар аралығында əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің магистратурасын, 1990-1995 жылдар аралығында Жамбыл педагогикалық институтын филология мамандығы бойынша тәмамдаған.

2022 тамызынан бастап "Түркістан музыкалық драма театры" МКҚК-да көркемдік жетекші, 2021-2022 жылдары "Түркістан музыкалық драма театры" МКҚК-да директор, көркемдік жетекші қызметтерін атқарған.

2001-2011 жылдары "Хабар" агенттігі АҚ-да бас продюсер, бас редактор қызметтерін атқарған. 1999-2001 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ көркем аударма жəне əдеби шығармашылық теориясы кафедрасынла оқытушылық қызмет атқарған. "Құрмет" ордені мен Қазақстан президентінің "Алғыс хатын" алып, "ҚР мәдениет саласының үздігі" медалімен марапатталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060782-abai-atyndagy-qazaq-ulttyq-opera-zane-balet-teatryna-zana-direktor-tagaiyndaldy/

pixel