Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қайырымдылық мекемесінің қызметкері 15 жастағы оқушыны ұрды деп айыпталды

Опубликовано:

Жедел жәрдем
Жедел жәрдем. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматыда қайырымдылық пансионатындағы ұстаз қазіргі таңда ауруханада жатқан 15 жасар оқушыны ұрды деп айыпталды. Бұл туралы Almaty.tv телеарнасы хабарлады.

Телеарна тілшілерінің хабарлауынша, "кәмелетке толмаған балаға қысым көрсетілді" деген оқиға қарапайым жатақханада емес, Алматыдағы қайырымдылық мекемесінде болған. Ғимараттан қашып шығып, қар үстінде жалаң аяқ бас сауғалаған жасөспірімді біраз адам көрген.

"Алдымнан бір жасөспірім шыға келді. Жалаң аяқ жылап тұр. Қорыққаннан көліктің артына жасырынып қалды. Не болғанын сұрадым. Ол маған соққыға жығылғанын айтты", - деді куәгер Абзал Шәкенов.

Абзалдың айтуынша, сол кезде басқа да куәгерлер болған. Олар балаға көмек беріп, мән-жайды полицейге хабарлапты. Ал жеткіншектің өзі ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер соққыдан оның миы шайқалғанын анықтады.

"Баланың айтуынша, оны медреседе ұстаз ұрған. Миының шайқалуы, көз айналасының гематомасы диогнозы қойылды", - деді Балалар шұғыл жәрдем орталығы Науқастарды қолдау және ішкі сараптама қызметінің басшысы Кұрметбек Тоқтар.

Телеарна мәліметінше, ауруханада жатқан бала түрін жария еткісі келмеген. Алайда оқиғаның мән-жайын бүге-шүгесіне дейін тілшіге айтып берді. Ол оқиғаға дейін де өзін нашар сезінген. Бірақ мекеме қызметкерлері пысқырмапты. "Оқымау үшін ойлап тапқан сылтауың" деп жеткіншектің сөзіне сенбей, кикілжің шығарған.

"Мен оқымаймын, кетемін" десе, ұстазы "бар кете бер. Қайда кетесің?" деген. Ол жүгіріп бара жатқан кезде, ұстап қалып, бетінен ұрған. Баланың психикасына да әсер етіп тұр. Бала шаршады. Шынын айтқанда, беті-аузының бәрі ісіп тұр", - деді баланың анасы Назира Асылбекова.

Биік қоршау, үлкен ғимарат ішінен шыққан осы шудан кейін полицейлер мән-жайды анықтауға кіріскен.

"Қазіргі таңда дене жарақатының ауырлық деңгейін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысы шыққан сәтте іс материалдары сотқа жіберіледі", - деді полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060783-almatyda-qaiyrymdylyq-mekemesinin-qyzmetkeri-15-zastagy-oqusyny-urdy-dep-aiyptaldy/

pixel