jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Келіспей қалған": Атырауда жасөспірімдердің төбелесі видеоға түсіп қалған

    Жасөспірім
    Жасөспірім. Көрнекі фото: pixabay.com

    Әлеуметтік желіде мектеп оқушыларының жанжалы түсірілген видео тарады. Онда сырт киімін киіп жатқан оқушыға екінші жасөспірім жұдырық жұмсап, теуіп бет-аузын қан қылғанын көруге болады. Бұл оқиғаға қатысты Атырау облысының полиция департаменті түсінік берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    ПД мәліметінше, зардап шеккен баланың ата-анасы полицияға арыз жазып, № 42 мектепте болған оқыс оқиға бойынша тәртіп сақшылары тексеру жүргізуді бастады.

    Таяқ жеген баланың анасының айтуынша, мектептегі оқушылар оның ұлынан ақша сұрап, күнде әлімжеттік көрсетеді екен.

    "12 ақпан күні сағат 18:00 шамасында №42 мектепте 2011 жылы туған екі жасөспірім өзара келіспей қалған. 12 жастағы оқушы әкесінің арыз-шағымы бойынша 2011 жылғы жасөспірімнің заңды өкіліне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттамасы толтырылып, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды", - делінген хабарда.

    Бүгін 13 ақпанда жалпы білім беретін №42 орта мектептің оқушыларымен полиция қызметкерлері кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

    "Құқықбұзушылыққа жол берудің салдарынан өз болашағына кесірі тиюі мүмкін екені түсіндіріліп, оқушыларға жат әдет-қылықтардан аулақ болудың тиімділігі айтылды. Сондай-ақ, құқықбұзушылықтар үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік туралы да түсіндірілді", - деп мәлім етті Атырау қаласы полиция басқармасының баспасөз қызметі.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.