Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде мобильді аударымдарды тексеру мәселесі қайта қаралады

Жарияланған күні:

Телефон ұстап отырған әйел
Телефон ұстап отырған әйел. Көрнекі фото: fizkes/Getty Images

Мобильді аударымдарды тексеру мәселесі қайта қаралатын болды. Қаржы министрі Мәди Тәкиев бұдан түбегейлі бас тартпайтынын айтты, деп хабарлайды КТК арнасы.

Министрдің сөзінше, қазір әртүрлі салық режимі тексеріліп жатыр екен. Ең оңтайлысы соның қорытындысы бойынша іріктелмекші.

"Мобильді аударымдар қалады. Бірақ әлі қараймыз. Жеке кәсіпкерді қалай анықтайсыз? Тағы да айтайын, біз құқықтық мемлекетпіз. Әділетті мемлекетпіз. Сіз бен біз осы заңның сақталуын қарауымыз керек. Біреулер төлейді, біреулер төлемейді.

Әділдік болуы керек. Яғни бәрі салық төлеу керек. Бірақ әркімнің өз мөлшері болатыны түсінікті. Біз түрлі режим арқылы салық жүйесі қалай жұмыс істейтінін ойластырып жатырмыз", - деді қаржы министрі Мәди Тәкиев.

Қазіргі салықшылар онлайн аударымның бәрін тексеріп жатқан жоқ. Тек ай сайын 100 адамнан мобильді аударым алғандардың шоты бақылауға алынады. Егер бұл үш ай бойы қайталанып, кәсіпкерлік қызметтің белгісі байқалса, банк азамат жайлы кірістердің есебін тиісті органдарға жібереді. Жалпы мобильді аударымды бақылау "көлеңкелі бизнеске" қарсы бағытталған.

Ресми мәлімет бойынша, қазір елімізде 3 жарым миллион азамат өзін жұмыспен қамтыған. Сол себепті жаңа салық кодексінің жобасында азаматтардың әртүрлі санаты үшін қолайлы және қарапайым болатындай салық режимі талқыланып жатыр.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060834-elimizde-mobildi-audarymdardy-tekseru-maselesi-qaita-qaralady/