Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде Қаржы министрлігінің жалған сайты пайда болды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ноутбук алдында отырған адам
Ноутбук пен банктік карта. Көрнекі фото: pexels.com

Желіде Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына ұқсас сайт пайда болды. Алайда фактчекерлер бұл алаяқтықтың жаңа айласы екенін ескертті, деп хабарлайды Stopfake.kz.

Портал ақпараты бойынша, аталған сайтқа Instagram желісінде жарияланған сілтеме арқылы өтуге болады. Сайтта интернет-ресурс Қазақстан Қаржы министрлігіне тиесілі екені жазылған. Онда 2024 жылғы 11 ақпанға дейін берілетін 3 млн теңгеден басталатын өтемақы туралы хабарландыру жарияланған. Төлем сомасын білу үшін пайдаланушы ЖСН енгізуі керек.

Фактчекерлер жазуынша, жалған сайтты алаяқтар жасап шығарған.

"Төлемдер туралы ақпарат орналастырылған порталдың домені .com. Бұл қазақстандық ведомствоның ресми парақшасы емес, елімізде мемлекеттік органдардың барлық сайты қазақстандық .kz доменінде орналасқан", – делінген хабарламада.

Қаржы министрлігінің атынан пайда болған жалған сайт
Қаржы министрлігінің жалған сайты. Скриншот: stopfake.kz

Сондай-ақ Қаржы министрлігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жалған сайт Қаржы министрлігіне еш қатысы жоқ. Фишинг сілтеме алаяқтық мақсаттар үшін жасалған веб-ресурсқа өткізеді. Сайтта жазылған өтемақы жайлы ақпарат жалған болып шықты.

Ведомство өкілдері қазақстандықтарды аса сақ болуға әрі күмәнді интернет-ресурстарда жеке мәліметтерді енгізбеуге шақырады. Азаматтар мемлекеттік органның тек ресми сайтында жарияланған ақпаратына сенуге тиіс.

"Қаржы министрлігінің атынан тараған өтемақы туралы хабарлама жалған, сілтеме бойынша өтпеңіздер және осы сайтта жеке ақпаратпен бөліспеңіздер", – деп жазады портал.

Еске салайық, бұған дейін мессенджер мен әлеуметтік желіде қосылған құнға салық (ҚҚС) үшін өтемақы енгізілгені туралы ақпарат тараған болатын. Алайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060848-zelide-qarzy-ministrliginin-zalgan-saity-paida-boldy/