Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда атыс болғаны хабарланды: полиция пікір білдірді

Опубликовано:

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: instagram.com/taldykorganec.insta_

Желіде Талдықорғандағы аудандардың бірінде жасөспірімдер атыс ұйымдастырды деген ақпарат тарады. Бұл мәліметке қатысты Жетісу облыстық ПД пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орнынан түсірілген кадрлар Instagram-дағы taldykorganec.insta атты пабликте жарияланды.

Фотоларда полиция қызметкерлері мен бір топ жігітті көруге болады.

"Талдықорған орталығында жасөспірімдер атыс ұйымдастырған ба?

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, осыдан бірнеше күн бұрын Күлгін ауданында атыс дауысы естілген. Оқиға орнында жастар жүрген. көп ұзамай олр ұсталды", - делінген видео сипатамада.

Облыстық ПД өкілдері бұл жайтқа қатысты пікір білдірді.

"Полицейлер төбелеске қатысы адамдарды анықтады. Төбелескендер арасында зардап шеккендер жоқ. Қажетті сараптамалар тағайындалғаннан кейін сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді тәртіп сақшылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060852-taldyqorganda-atys-bolgany-xabarlandy-policiya-pikir-bildirdi/

pixel