Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Руныйда баяу интернет үшін байланыс операторларына ірі көлемде айыппұл салынды

Жарияланған күні:

Ғаламтор
Ғаламтор. Көрнекі фото: pxhere.com

Қостанай облысында прокурорлық қадағалау актісі бойынша байланыс операторларына жалпы сомасы 10 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды. Бұл туралы Қостанай облысының прокуратурасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Рудный қаласының прокуратурасы өңіраралық байланыс инспекциясымен бірлесіп, қала көшелерінде 3G/4G технологияларында интернетке қол жеткізу сапасының және деректерді жүктеу жылдамдығының бұзылуын анықтаған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша байланыс операторлары жалпы сомасы 10 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салынды, сондай-ақ олардың атына бұл заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар енгізілді.

"Нұсқамаларды орындау қорытындысы бойынша мобильді операторлар қалада байланыс сапасын жақсарту үшін қосымша антенналар мен құрылғылар орнатты, осылайша 103 мың ұялы байланыс абонентінің құқықтары қорғалды", - делінген прокуратура хабарында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060878-runyida-bayau-internet-usin-bailanys-operatorlaryna-iri-kolemde-aiyppul-salyndy/