Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ билігі "қандас" мәртебесін беру тәртібін жетілдіреді

Опубликовано:

Қазақстан туы
Қазақстан туы. Фото: pixabay.com

Депутаттар "қандас" мәртебесін беру тәртібін жетілдіруге бағытталған жаңа норма әзірледі. Бұл туралы мәжілістің ресми Telegram-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Түзетулерді екінші оқылымға дайындау барысында депутаттар "қандас" мәртебесін беру тәртібін жетілдіруге бағытталған жаңа норма әзірледі. Енді "қандас" мәртебесін және Қазақстан азаматтығын алу үшін өтініш білдірген адамдардың ұлты қазақ екенін анықтау тәртібі жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кіреді.

Сондай-ақ қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына этникалық қазақтардың жеке отбасы мүшелері, қандастардың жесірлері және олардың ортақ балалары енгізіледі.

Бұдан бөлек, азаматтық алудың оңайлатылған тәртібін қолдана алатын адамдар санаты кеңейтілді.

Енді елімізде заңды түрде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының жесірлері тұру мерзіміне қарамастан оңайлатылған (тіркеу) тәртіппен Қазақстан азаматтығын ала алады.

Бұл қатарға халықаралық шарттар негізінде оңайлатылған тәртіппен Қазақстан азаматтығын алуға құқығы бар адамдар да кіреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060903-qazaq-biligi-qandas-martebesin-beru-tartibin-zetildiredi/

pixel