Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министрлік Ұлытау облысында жер сілкінді деген хабарға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Зілзала салдары
Зілзала салдары. Көрнекі сурет: pixabay.com

14 ақпанда "Қазақмыс" ЖШС -да кеніштегі жұмыстардан сейсмикалық оқиға тіркелген, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Сағат 08:00-ден 11:42-ге дейін Ұлытау облысы Сәтбаев қаласында "Қазақмыс" ЖШС бас геомеханигі атынан Оңтүстік Жезқазған кенішінің жұмыс істеп тұрған №65 шахтасында бос кеңістіктерді жоспарлы түрде мәжбүрлеп толтыру туралы хабарлама келіп түсті. Соның салдарынан сезілмейтін сейсмикалық оқиғалар тіркелді", - делінген ТЖМ хабарында.

Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері шықты.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі бұл уақыт аралығында жер сілкінісін тіркеген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060932-ministrlik-ulytau-oblysynda-zer-silkindi-degen-xabarga-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel