Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавл тұрғыны "банктен шалынған қоңырауға" сеніп, 5 млн теңгесінен айырылды: ІІМ ескерту жасады

Опубликовано:

АҚШ доллары мен ноутбук және ұялы телефон
АҚШ доллары мен ноутбук және смартфон. Көрнек фото: pixabay.com

Петропавл тұрғыны "банктен шалынған қоңырауға" сеніп, 5 млн теңгесінен айырылған. ІІМ өкілдері ақшаны белгілі бір бөлігін қауіпсіз шотқа аудар деп хабарласу - іс жүзінде алаяқтардың ісі, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.

Қалалық полиция басқармасының бірінші полиция бөлімінің қызметкерлері сауда үйлерінде жадынамалар таратып, адамдарға алдаудың негізгі схемаларын түсіндірді.

ІІМ мәліметінше, жыл басынан бері бірінші полиция бөлімінің аумағында ғана желілік алаяқтықтың 30 фактісі тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп. Қаскөйлер "банктен қоңырау шалу", "полиция қызметкерлері болып танысу" сияқты схемаларды белсенді қолданады.

"Кейінгі кезде ұялы байланыс операторының қоңырауы сынды жаңа алдау сценарийі пайда болды. Олардың барлығы адамды қорқытып, оны үлкен несие алуға көндіруге және ақшаны белгілі бір бөлігін "қауіпсіз шотқа" аударуға - іс жүзінде алаяқтардың қолына түсіруге бағытталған", - деп ескертті құқық қорғау органы өкілдері.

Дәл осылайша схема бойынша петропавлдықтардың бірі 5 миллион теңгеге алданып қалған.

"Егер біреулер сіздің шотыңызға қол сұғушылық жасалуда, ұялы байланыс нөмірі өшірілуі мүмкін немесе мүлікке тыйым салумен қорқытатын болса, абдырамаңыз. Хабарланған ақпаратты ресми арналар арқылы қайта тексеріңіз. Қоңырау шалушыдан оның қалалық нөмірін сұрап, ақпаратты ұйымның ресми телефоны арқылы хабарласып тексеруге болады. Алаяқтар қалалық нөмір бермейді. Күдікті қоңырауды алған соң, сөйлесуді тоқтатып, “102” арнасына қоңырау шалыңыз", - дейді бірінші полиция бөлімінің бастығы Тілеген Әлжанов.

Ведомство өкілдері қандай жағдай болсын нөмірлерді, PIN-кодтарды және банк карталарының cvv-кодтарын, sms арқылы келетін кодтарды ешкімге бермеуді ескертті.

"Үшінші тұлғалардың қысымымен телефондарға қашықтан қатынауға мүмкіндік беретін AnyDesk, TeamViewer және басқа осы сияқты бағдарламаларды орнатпаңыз. Олар қылмыскерлерге сіздің құрылғыңызды басқаруға және сіздің атыңыздан операциялар жасауға мүмкіндік береді", - деп ес салды ІІМ өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060943-petropavl-turgyny-bankten-salyngan-qonyrauga-senip-5-mln-tengesinen-aiyryldy-iim-eskertu-zasady/

pixel